Ақпараттық-кітапханалық орталық қызметін пайдалану ережесі

Осы ЕРЕЖЕ  «ТИГУ Ақпараттық-кітапханалық орталығының құрылым ережесі» негізінде құрылып Ақпараттық-кітапхана орталығы (АКО) және оның қызметін пайдаланушылар арасындағы қызметтерді реттейді.

Пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері

1. Пайдаланушы құқылы:

АКО-ның кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызметтерінің негізгі барлық түрлерін пайдалануға;

АКО-ның кітап қорының құрамы туралы ақпараттар алуға, ақпараттар көзін іздестіру және таңдау барысында кеңестер алуға;

құжаттарды үйге немесе оқу залдарында уақытша пайдалану үшін алуға;

құжаттарды немесе олардың көшірмесін белгіленген тәртіпке сай электронды құжаттар нұсқасын алуға;

АКО ұйымдастырып өткізетін көпшілік жұмыстарға қатынасуға;

АКО әкімшілігіне әр түрлі сауалдар мен ұсыныстар жасауға.

2. Пайдаланушы міндетті:

жыл сайын оқу жылы басында пайдаланушылар абонементте тіркелуі, немесе қайта тіркелуі  тиіс; тіркелмеген немесе қайта тіркелмеген пайдаланушыға АКО құрылымдық бөлімдерінде қызмет көрсетілмейді;

АКО құрылымдық бөлімдерінде құжаттарды алып пайдалану үшін оқырман билетін көрсетуге;

АКО құрылымдық бөлімдерінен пайдалануға алған құжаттарына жауапкершілікпен қарап, белгіленген мерзімінде өткізуіге;

құжаттарды алу барысында әр құжатты мұқият тексеріп, қандайда бір ақауы болған жағдайда АКО қызметкеріне көрсетуге;  құжаттың бүлінуіне соңғы алған пайдаланушы жауапкершілікте саналады;

пайдаланушы жұмыстан, оқудан шыққан жағдайда және оқу жылы соңында алған құжаттарын түгел қайтаруға;

құжатты жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда, кітапхана әкімшілігі соған тең деп таныған құжатпен алмастыруға;

жоғалған құжатқа тең деп саналатын құжатпен алмастыру болмаған жағдайда талапқа сәйкес құнын төлеуге;

АКО құрылымдық бөлімдерінің қызметін пайдалану барысында тазалық пен тыныштықты сақтауға, басқа оқырмандар мен кітапхана қызметкерлерімен ілтипатты қатынаста болуға.

3. Пайдаланушыға рұқсат берілмейді:

оқырман формулярына тіркелмеген басылымдарды АҚО бөлімдерінен алып шығуға;

кітап формулярына қол қоймай АҚО бөлімдерінен құжаттарды әкетуге;

құжатын бөгде пайдаланушыға беруге және бөгде құжаттармен кітап алуға;

АКО құжаттарын бүлдіруге, (беттерін жыртып бүктеуге, сызуға, белгілеуге т.с.с.)

қызметтік жұмыс, кітап сақтау орындарына рұқсатсыз кіруге;

тыныштық пен тазалықты сақтамауға.

4. АКО құқықтары мен міндеттері

АКО құқылы:

қолға берілген құжаттардың мерзімінде қайтарылуын бақылап отыруға;

пайдалану ережесін бұзған пайдаланушыға  АКО әкімшілігі белгілеген айып шараларды қолдануға;

бүлдірген немесе жоғалтқан құжаттарды қалпына келтіруден бас тартқан пайдаланушының нарықтық бағасымен 10 есе төлеуін талап етуге.

АКО міндетті:

қажет оқулықтың жеткіліксіз болу барысында АКО кітап қоры бойынша барлық мүмкіндіктерді қарастыруға;

пайдаланушылардың дайындалуына қажетті жағдай жасауға;

пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет түрлері туралы тұрақты ақпарат беруге;

оқырман сұранысын толық түсініп және қанағаттануын қамтамасыз етуге;

жеке және жалпы оқырмандарға түрлі әдістер мен формаларды пайдалана отырып кітапханалық, библиографиялық-ақпараттық қызмет түрлерін, және басылымдарды насихаттауды дамытуда компьютерлендірілген және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланып қызмет көрсетуге;

Белгіленген талаптарға сай кітап қорын есепке алу және  пайдалану, сақтау жұмыстарын жүзеге асыруға;

үйге пайдалануға берілген құжаттың белгіленген мерзімі өткендігін оқырманға хабарлауға;

берілген құжатты пайдаланушы қайтарғаннан кейін кезекті құжаттарын беруге;

құжат қайтарылмаған жағдайда ауызша және жазбаша түрде хат жолдап ескертуге;

5. Оқырманның жазылу тәртібі

АКО қызметін пайдалану үшін белгіленген тәртіп бойынша пайдалану Ережесімен танысып оқырман билетін алады;

студенттер мен профессор-оқытушы құрамына, қызметкерлерге оқырман билеті № 1 абонементте (Сатпаев көшесіндегі №3 оқу ғимаратында) беріледі;

оқырман билеті тек суретімен және АКО мөрімен жарамды;

студенттер мен магистранттар қабылдау бұйрығы негізінде тіркеледі;

ПОҚ, қызметкерлер жеке куәлігі негізінде тіркеледі;

оқырман билеті студенттің оқу, ПОҚ, қызметкерлердің қызмет барысы жылдарына жарамды;

оқу жылы басында міндетті түрде тіркеуден қайта тіркеуден өту тәртібімен жүргізіледі.

 

АКО директоры                                       А.Озбекова

 

Қосымша ақпарат