Кітапхана туралы

Кітапхана тарихы

Кітапхана тарихы мен қызметі

2008 жылы қыркүйек айында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің Ақпараттық-кітапханалық орталығы құрылып, 1 оқу залы және кітап беру бөлімі оқырмандарға қызмет көрсете  бастады.

2009-2010-шы оқу жылы Ақпараттық - кітапханалық орталығында кітап қорын  толықтыру секторы, 2-ші оқу залы, 1 абонемент және электронды оқу залы ашылып қызметтерін жан-жақты қарастырып, одан әрі стратегиялық даму жолдарын жоспарлап, оқырмандарға қызмет көрсетуді жалғастыруда

2010-2011 оқу жылы абонемент бөлімі Қ.Сатбаев атындағы көшесінде орналасқан оқу ғимаратына көшіріліп, жаңа жиһаздармен жабдықталып өз жұмысын жалғастырды.

2011-2012 оқу жылы №1 оқу залы, кітап қорын толықтыру бөлімі, кітапхана әкімшілігі Рысбек батыр 13 «Б» мекен жайындағы оқу ғимаратына көшіріліп, электронды оқу залы қайта ашылды және кітап сақтау секторы іске қосылып кітап қоры жинақталды.

Студенттердің ИНТЕРНЕТ қызметі мен электронды оқулықтарды пайдалану мүмкіндіктері жасалынды.№ 2 оқу залына жаңа орын беріліп толығымен жаңа жиһаздармен жабдықталды.

2012-2013 оқу жылы бас оқу ғимаратының ашылуына орай АКО әкімшілігі мен кітап қорын толықтыру секторы көшіріліп, № 3 оқу залы ашылып оның жанынан екінші кітап сақтау секторының кітап қоры жинақталып, кітап сөрелері мен қажетті жиһаздармен толықтырылды.

Сонымен қатар № 1 оқу залы (Рысбек батыр 13 «Б»)  жанынан мерзімді басылымдар секторы тұтынушыларға қызмет көрсетеді

Корпаративті мақалалар дерек қоры Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының (ТарМПИ) ғылыми кітапханасы және М.Х.Тулати ат. Тараз мемлекеттік университетінің Ғылыми – ақпараттық кітапханасымен жасалған келісім шарт негізінде оқырмандарға қызмет көрсетеді.

Ақпараттық кітапхана орталығы ашылған күннен бастап «Кітапхана 4.02.» бағдарламасы бойынша «Кітап», «Мақалалар», «Мерзімді басылымға жазу», «Мерзімді басылымды толықтыру» электронды каталогтары құрылып, мәліметтер енгізіле бастады.

2011 жылдың мамыр айынан бастап Kazakh Soft ЖШС келісім шарт жасалынып, КАБИС   бағдарламасымен жұмыс жүргізіп келеді. КАБИС бағдарламасының FuII  оның ішінде – әкімшілік; кітап қорын толықтыру; каталогтау; мақалалар картотекасы; кітап іздеу; іздеу және тапсырыс Web-модулі сонымен қатар оқу үрдісін кітаппен қамтамасыз ету бағдарламалық модулдерімен жұмыс жүргізіліп келеді.

2011 ж. ОзбековаА., Тажибаева Д., М.Азимкулова., Назарбекова М., Айнакулова А. Kazakh Soft ЖШС сертификатын иеленді.

2012 ж. Қалқабаева Н. Жоғарыда аталған ЖШС-ның сертификатын алды.

Кітап қоры әмбебап ондық жіктеу кестесімен (ӘОЖ) жіктеледі және кітап қоры толығымен штрих-кодталған.

2013-2014 оқу жылы № 2 оқу залында электронды басылымдармен тұтынушыларды қамтамасыз ету мақсатында электронды құралдармен толықтырылып компьютерлер қойылды.

2012 ж. 5 желтоқсан айынан бастап ЖОО кітапханалары ассоциясының мүшелігіне енді.

2013 жылдан бастап тұтынушылар сұраныстарын жан-жақты қамтамасыздандыру барысында www.rmeb.kz Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана (РЖООаЭК) - (РМЭБ), www.kazneb.kzМемлекеттік электронды кітапхана қорының «Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана» (МЭКҚ ҚазҰЭК) - (КазНЭБ), ELSEVIER және Тараз қаласындағы «Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі т.с.с. кітапханалармен келісім шарт негізінде қызмет түрлерін университет студенттері мен ПОҚ құрамы тегін пайдалануына жағдай жасалған.

Келешекте АКО-да тұтынушыларға қызмет көрсету дәстүрлі қызметтен автоматтандырылған жүйеге ауысу басты мақсаттардың бірі болып саналады. 

Кітап қоры негізінен ҚР білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқулықтар, оқу әдістемелік және ғылыми басылымдармен құрылып, жылына 10 - 35 мың дана басылымдармен жүйелі түрде толықтырылады.

Кітап қоры ҚР ЖОО қауымдастығы, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Қазақ университеті», «Экономика», «Отан», «Фолиант», «Makmillan», «Ғылым ордасы», Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасы, Ресей баспалары және ТИГУ баспаханасы басып шығарған өнімдермен толықтырылып келеді.

Жаңа басылымдармен таныстыру мақсатында «Мамандар декадасы», «Ақпарат күндері», «Жаңа кітаптар» кітап көрмелері, «Шолулар», «Дайджест» және «Жаңа кітаптар» бюллетендерінің дәстүрлі және электронды нұсқалары тұрақты тұтынушылар назарына ұсынылып тұрады. Студенттердің кітаптарды үйге алып оқуына жағдай жасалынған.

Келіп түскен мерзімді басылымдардың ішіндегі бүгінгі күннің өзекті мәселелері және университет дайындайтын мамандықтарға байланысты жарық көрген мақалалар бойынша мақалалар дерекқор базасына енгізіліп күнделікті оқырмандарға тиімді ақпараттық орта құрып, назарларына ұсынылуда. Мақалалар дерек қорына   2153 мақала енгізілген.

Жалпы кітап қорын:                  

Кітаптар;

Электронды оқулықтар;

Авторефераттар;

Магистрлік диссертациялар;

Логин;

Мерзімді басылымдар;

Электонды рессурстар;

Оқу әдістемелік кешендерді құрайды

2008-2010 жж. АКО-ның алғашқы директоры Есиркепова Гулмира Жарылқапқызы басқарды. 

2010-шы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бүгінігі күнге дейін Озбекова Аманкүл Андабайқызы басқарып келеді. 

Ақпараттық-кітапханалық орталығында 3 оқу залы,     Абонемент, электронды оқу залы, мерзімді басылымдар және кітап қорын толықтыру және өңдеу, кітап сақтау қоры секторларында 11 кітапхана қызметкері қызмет атқарады.   Электронды оқу залы және оқу залдарындағы компьютерлердің барлығы  ғаламтор   жүйесіне қосылған. Ғаламтор жүйесін білімгерлер мен оқытушылардың еркін пайдалануына және олардың әлемдік білім деңгейіне инновациялық жолдармен даму мүмкіндіктеріне жағдай жасау, жаңашылдандыру бағыттарына интеграциялау АКО-ның алға қойған негізгі бағыттарының бірі болып саналады.

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат