• Басып шығару

   АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ

 

   Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде наурыз айының  11-күні «Шерхантану» ғылыми-зерттеу және  Ақпараттық - кітапханалық орталықтарының ұйымдастыруымен  Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай тағылымы» атты облыстық фестивалі акт залында салтанатты түрде ашылып, 4 бағытта  өткізілді. 

      Фестивальдің Абай қара сөздерін жатқа оқу атты 2-бағыты бойынша АКО директоры А.Озбекова төрағалық етіп,  жүлделі орындарды белгілеп,  жеңімпаздарды дипломдармен, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен және қаржылай марапаттады.

 Сонымен қатар, кітапхана мамандары «Абай – ұлт биігі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандар назарына ұсынды.